05:12 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Ер адам үйді жарып жібермек болды

Петропавл тұрғыны үйді жарып жібермек болды: шұғыл операцияның видеосы

© Photo : департамент полиции СКО
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
427 0 0

Ер адам өзіне ескерту жасаған кісіге итін айтақтап, ал полиция келгенде, есікті ашпай, үйді жарып жіберем деп қорқытқан

ПЕТРОПАВЛ, 19 қыркүйек — Sputnik. Петропавлда ескерту жасаған адамға ит айтақтап, кейін жетінші қабаттағы пәтерінен шықпай қойған ер адамды арнайы жасақ ұстады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бәрі 20-шы шағын ауданда тұратын екі тұрғынның арасындағы кикілжіңнен басталған. 39 жастағы ер адам питбулімен серуенге шыққан да, көшеде кетіп бара жатқан кісі иттің тұмылдырықсыз екенін айтып, ескерту жасайды. Бұған ит иесі қатты ашуланыпты.

"102 нөміріне ит қауып алған азаматтан қоңырау түсті. Ит иесі оның арқасынан пышақ та сұққан екен. Ер адам үшінші қалалық ауруханаға түсті. Жедел тергеу тобы күдіктінің пәтеріне кіре алған жоқ, себебі 39 жастағы қала тұрғыны есікті ашпай, "газды қосып, үйді жарып жіберемін" деп қорқытқан", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына облыстық және қалалық полиция, прокуратура және төтенше жағдайлар департаменті аттанды. Подъезде газ бен электр жарығын өшіруге шешім қабылданған.

Полицейлер келген бойда пәтер иесі мен бірге тұратын 37 жастағы әйел терезеден секірмек болған. Ер адам үшкір заттарды алып шығып, қолын кескілепті.

"Полиция өрт сөндіру баспалдағын пайдаланды, алайда пәтер иесі терезесін ашып, полицейлерге пышақ, басқа да өткір металл заттарды сермеп, кейін терезені тез жауып алған. Ар жағында питбулі үріп жатты", - деп мәлімет берді полиция.

  • Боец спецназа
    Петропавлдағы шұғыл операция
    © Photo : департамент полиции СКО
  • Спецназ на месте ЧП
    Петропавлдағы шұғыл операция
    © Photo : департамент полиции СКО
  • На место ЧП выехало руководство областной полиции, городской прокуратуры, департамента по ЧС
    Петропавлдағы шұғыл операция
    © Photo : департамент полиции СКО
  • Мужчине грозит ограничение свободы на срок от трех до семи лет либо лишение свободы на тот же срок
    Петропавлдағы шұғыл операция
    © Photo : департамент полиции СКО
1 / 4
© Photo : департамент полиции СКО
Петропавлдағы шұғыл операция

Ақыры соңында үш арнайы жасақ қызметкері терезені шағып, пәтерге кіріп, қаруланған үй иесін құрықтады, ал итті арғы бөлмеге қуып тыққан.

Бұл оқиға қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлімі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізіліпті. Ұсталған азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмақ.

Тағы оқыңыз: Маңғыстау облысындағы арнайы операция: 17 адам қолға түсті

Айта кетсек, қала тұрғынына үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сонша мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.

Кілт сөздер:
видео, оқиға, Петропавл
Загрузка...

Басты тақырып