15:51 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Қарақшы, архивтегі сурет

Даниал Ахметовтің қарындасын ұрлап әкетпек болды

© Sputnik / Константин Чалабов
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1727 0 0

Белігісіз біреу әйел адамға күш көрсетіп, көлікке отырғызып алып кетпек болған. Абырой болғанда, күдікті арам ойын іске асыра алмады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің қарындасы Гульфаз Аубанованы ұрлап әкетпек болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бейтаныс адам қарт әйелді күшпен көлікке отырғызбақ болған. Алайда әкімнің қарындасы күдіктінің қолынан сытылып, қашып кетіпті.

Бұл оқиға 18 қыркүйек күні таңертең Павлодар қаласындағы Исиналиев көшесінде болған.

"Полицияға 61 жастағы А. деген әйел хабарласты. Ол бейтаныс адамның күш көрсеткенін айтып шағымданды. Осы жайтқа қатысты қылмыстық кодекстің 125-бабы (адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өңірдің жеке құрамы жұмылдырылған", - деп мәлімет берді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктінің кім екенін анықтап, ұстау үшін жедел іздеу шараларын жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің қарындасы Гульфаз Аубанова Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған, сондай-ақ ол - "Данэль" медициналық мекемесінің құрылтайшысы. Соңғы рет фармацевтика және медицина комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы лауазымын иеленген.

Тағы оқыңыз: Ресейде қазақстандық әйелді ұрлап, зорлап кетті - БАҚ

Күдікті қолға түсіп, кінәсі сотта дәлелденсе, 5-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кілт сөздер:
Даниал Ахметов
Загрузка...

Басты тақырып