Оқиға

Қазақстандық жігіт Кореяда қылмыс жасап, елден қашып кетті

© Photo : pixabay.comЖігіт, иллюстративті сурет
Жігіт, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір Қазақстан азаматының қайда жасырынып жүргені белгісіз, құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан азаматы Кореяда көлігімен баланы қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров министрлік Оңтүстік Кореядағы оқиғадан хабардар екенін жеткізді.

"Қолда бар мәліметке сүйенсек, Қазақстан азаматы расында баланы қағып кетіп, оны жолда қалдырып, өзі ізін жасырған", - деді ол.

СІМ ақпаратынша, қазір күдікті басқа елдің аумағында жасырынып жүр.

"Оның қайда екенін біз білмейміз. Құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр. Ұсталған жағдайда бұл мәселе құқықтық кеңістік аясында шешіледі", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Смадияров оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болса, қосымша хабарлауға уәде етті.

Тағы оқыңыз: Кореядағы қазақтардың жанайқайы: отандастарымыз бөтен елдегі мүшкіл хәлін айтты

Бұған дейін БАҚ-та хабарланғандай, 20 жастағы қазақстандық дүкеннен шығып, үйіне бара жатқан 7 жасар баланы қағып кеткен. Автокөлік оқиға орнынан бірнеше шақырым жерден табылды. Жергілікті полицияның ақпаратынша, күдікті келесі күні Инчхон әуежайынан ұшып шыққан.

Зардап шеккен бала қазір интенсивті терапия бөлімінде жатыр, әлі есін жиған жоқ.

Жаңалықтар
0