Оқиға

Өзбекстан Шымкентте түсірілген видеодан кейін мәлімдеме жасады

© Sputnik / Табылды КадырбековДрака, архивное фото
Драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзбекстан елшілігі өзбек студенттеріне қатысты жағдайды бақылауға алды, деп мәлімдеді елдің СІМ видеолик жарияланғаннан кейін

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстан сыртқы істер министрлігі Шымкентте өзбек студенттерінің соққыға жығылғаны туралы мәліметке жауап қатты.

Желіде таралған видеода өзбек студенттері Шымкент университетінде соққыға жығылдық деп шағымданған.

Өзбекстан СІМ елдің Қазақстандағы елшілігі мен Алматыдағы бас консулдығы (оның консулдық округіне Шымкент кіреді) жағдайды бақылауға алғанын хабарлады.

"Сыртқы істер министрлігінің тапсырмасымен Бас консулдықтың өкілдері қалада жүр және олар өңір және университет басшылығымен, сондай-ақ өзбек студенттерімен байланысқа шығып жатыр, студенттерге олар дипломатиялық өкілдіктің қорғауында болатыны айтылды", - делінген Өзбекстан СІМ таратқан хабарламада.

Шымкенттің өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетінде Өзбекстан елшісі Саидикром Ниязходжаев, Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері, университет ректоры Сандыбай Боранбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов және басқалардың қатысуымен кеңес өтті.

Тағы оқыңыз: Алматыда ЖОО оқытушысы қызды соққыға жықты - университеттің түсініктемесі

Кездесу барысында тараптар Шымкентте оқитын өзбек азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушыларға қатысты заңды шаралар қабылдау және осындай оқиғалардың алдын алу үшін қажетті профилактикалық  шаралар өткізу жайын талқылады.

Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жүрген Өзбекстан азаматтары Алматыдағы Бас консулдыққа +7 727 299 20 70, +7 727 390 26 16 телефондары арқылы хабарласа алады.

Полиция түсініктемесі

Шымкент полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Полиция қызметкерлері Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің екі студенті арасындағы жанжал фактісі бойынша тексеру жүргізді. Жанжалдың тұрмыстық сипатта болғаны анықталды", - делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес (Бұзақылық) тіркелді. Бұл бап ірі көлемде айыппұл салуды немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды (шектеу) көздейді.  

Жаңалықтар
0