20:04 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Құтқару белдемшесі

 Таиландта суға батып кеткен қазақстандық туристің мәйіті өртеледі

CC0 / AI Leino
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1040 0 0

Сыртқы істер министрлігі қаза болған қазақстандық зейнеткердің күйеуі мәйітті елге әкелмеу туралы шешім қабылдағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Таиландта көз жұмған 78 жастағы қазақстандық әйелдің отбасы сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін әйелдің денесін кремациялауға шешім қабылдады. Бұл туралы брифингте Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық не жағдай болғанын айтып берді 

"Бұл қайғылы оқиға 26 қыркүйекте болды. Біздің 78 жастағы азаматымыз Паттайя провинциясындағы жағажайда суға батып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел суға кету салдарынан көз жұмған, бірақ біз медициналық сойып тексерудің нәтижесін әлі күтіп отырмыз", - деді Смадияров.

Консул әйелдің күйеуі мәйітті Таиландта өртеу жөнінде шешім қабылдағанын, содан кейін күлі Қазақстанға жеткізілетінін айтты.

Тақырып бойынша

Ресейлік полицейлер қазақстандық қызды зорлады деп айыпталды
Шетел азаматы павлодарлық әйелдің басын айналдырып, тақырға отырғызып кетті
Шығыс Қазақстандағы тауда Ресей азаматы құтқарылды
Германияда қылыштан өлген адамның Қазақстанға еш қатысы жоқ – СІМ
Алматыдан шыққан автобус Өзбекстанда апатқа ұшырады
Қазақстандық жігіт Кореяда қылмыс жасап, елден қашып кетті
Кілт сөздер:
суға кету, Таиланд, Айбек Смадияров
Загрузка...

Басты тақырып