10:19 24 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD388.96
  • EUR432.21
  • RUB6.09
Ақтөбе маңында оқушылар мінген автобус аударылып кетті   

Ақтөбе маңында 18 оқушы мінген автобус аударылып кетті   

© Photo : Департамент полиции Актюбинской области
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
517 0 0

Жарақат алған 16 оқушының екеуі ауруханаға жатқызылды, сондай-ақ үш ересек адамға медициналық көмек қажет болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысында "Солтүстік айналма жол" тасжолында № 9 мектеп-гимназияның оқушылары мен олардың ата-аналары мінген автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты сенбі, 5 қазан күні Ақтөбе қаласынан 13 шақырым жерде болды.

Полицияның алдын-ала мәліметінше, Ақтөбе жақтан келе жатқан автобус жүргізушісі жол ережесін бұзып, Nissan автокөлігімен соқтығысқан. Салонда 18 оқушы мен тоғыз ата-ана болған.

Соқтығысу салдарынан автобус бір бүйіріне аударылған.

Жеңіл көлікті Тәжікстан Республикасының азаматы жүргізгені анықталды.

Тағы оқыңыз: Алматыдан шыққан автобус Өзбекстанда апатқа ұшырады

Жедел жәрдем көліктері 16 бала мен үш ересек адамды ауруханаға жеткізді, балалардың екеуі ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында полиция, құтқарушылар мен медицина қызметкерлері көмек көрсетуді жалғастыруда.

Полиция сапарды ұйымдастырушылар автобусқа ілесіп жүруге өтініш білдірмегенін атап өтті.

Тақырып бойынша

Шамалғандағы трагедия: дәрігерлер автобуста қалып қойған екі баланың жағдайын айтты
Үш автобус соқтығысқан жол апаты: оқиғаның нақты себебі белгілі болды
"Бәрі аш деп айқайлады": Жолаушы автобустың ішінде не болғанын айтып берді
Ішінде 23 жолаушы отырған автобус "Алматы-Өскемен" жолында аударылып қалды
Кілт сөздер:
жол апаты, балалар
Загрузка...

Басты тақырып