07:31 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Адамның қолы, архивтегі сурет

Үш ер адам мәйітті ауруханаға жеткізіп, қашып кетті – оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2880 0 0

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изолюторына қамалып, тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан — Sputnik. Белгісіз біреулер жас жігіттің мәйітін Ақтөбе облысындағы Алға орталық аудандық ауруханасының дәлізінде қалдырып кеткен, деп хабарлайды "Хабар 24".

Кезекші медициналық қызметкерлердің айтуынша, мәйітті үш адам әкелген. Ауруханадағылар көліктің түсін ғана көрген, маркасын байқамапты.

Полиция Бестамаққа барар жолда қою көк түсті Lexus GS 300 көлігін тоқтатты. Үш ер адам бірден күдік туғызған.

Тағы оқыңыз: Сүйіктісін қызғанған ақтаулық жантүршігерлік қылмысқа барды

Тексеріс кезінде олардың бірі жігітті өлтіргенін мойындады. Екеуінің арасында жанжал туып, оған пышақ сұғып алған. Жас жігіт есін жимастан, көз жұмды. Күдікті полицейлерге пышақты да берді.

Қазіргі уақытта ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 –бөлігі ("адам өлтіру") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изолюторына қамалды.

Тақырып бойынша

Оралда әйел жаңа туған баласын өлтірді: жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы
"Тірідей көміп тастады": Алматыда екі таксисті не үшін қинап өлтірді?
Басқа пәле – тілден: қыздарды жөнге салмақ болған ер адам ажал құшты
Рудный тұрғыны үйлену тойынан кейін күйеу баласын өлтірді
Жамбыл облысында имам көршісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
Кілт сөздер:
ер адам, аурухана, мәйіт, Ақтөбе облысы
Загрузка...

Басты тақырып