17:14 29 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD445.84
  • EUR490.47
  • RUB5.73
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
69110

Әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор Ақышев ауыр жарақат алып, көз жұмды. Трагедияның себебі мен салдары анықталуда 

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Арыс маңындағы полигон аумағында оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери қызметкер көз жұмды.

"11 қазанда арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) оқ-дәрілердің жиналған фрагменттерін жою бойынша жоспарлы жұмыс барысында оқ-дәрілердің фрагменті уақытынан бұрын детонация болды. Салдарынан топ жетекшісі, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор А.С.Ақышев ауыр жарақат алып, көз жұмды", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Оқиға болған жерден алынған ақпаратқа сәйкес, жұмыстар қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілді.

Трагедияның нақты себебі мен салдары анықталуда. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Ведомство бұл жағдай полигонға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына қауіп төндірмейтінін түсіндірді, өңірде үздіксіз бақылау жүргізіліп жатыр.

Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады және оларға барлық қажетті көмек көрсететін болады.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Арыстағы жарылыстан кейін жауапты тұлғаларды қалай жазалады?

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала. Жарылыстан зардап шеккен бала санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілген болатын. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. 

Тақырып бойынша

Арыстағы жарылыс кезінде зардап шеккен бала көз жұмды
Тоқаев қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады
Арыста өрт басталды: аспанды қою қара түтін басты – видео
Ресейдің әскери бөлімінде жойқын жарылыс болды
Арысты қалпына келтіруге жіберілген астаналық жол апатынан қаза болды
Кілт сөздер:
әскери қызметкер, жарылыс
Загрузка...

Басты тақырып