01:36 22 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD386.44
  • EUR428.37
  • RUB6.06
Иллюстративті фото

Қазақстандық футболшы отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады

CC0 / Michael Schwarzenberger
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1275 0 0

Бұрынғы қақпашы Илья Байтеряков Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда апатқа ұшырады. Оның әкесі мен ұлы көз жұмды, Ильяның өзі ауруханаға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Қазақстандық футболшы Илья Байтеряков Семей – Өскемен тасжолында апатқа ұшырап, оның әкесі мен кіші ұлы көз жұмды, деп хабарлады танымал журналист Айдын Қожахмет.

"Бұрынғы қақпашы Илья Байтеряков отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады. Ильяның өзі жүргізген көлік Семей-Өскемен тасжолында аударылып кеткен. 35 жастағы экс-футболшының кіші ұлы мен әкесі бірден қайтыс болды. Илья мен тұңғыш ұлы ауыр халде жатыр", - деп жазды Айдын Қожамет өзінің Telegram каналында.

Оның айтуынша, Илья Байтеряков комада. Апат кезінде футболшының анасы мен әйелі де зардап шеккен.

Тағы оқыңыз: "Өртенді, өртеніп жатырмыз". Мәскеуде ұшақтың ішінде түсірілген видео 

Илья Байтеряков әр жылдары "Семей", "Энергетик", "Қазақмыс", "Ақжайық", "Восток", "Атырау" футбол клубтарында ойнаған. Қазақстанның жоғары лигасында 45 матч өткізіп, 86 гол жіберген. Бірінші лигада шамамен 150 матчқа қатысқан.  

Тақырып бойынша

Танымал тележүргізуші жантүршігерлік апаттан ажал құшты
"Мұндайға жол бермес еді" - Нұр-Сұлтандағы апаттан қаза болған жүргізушінің әріптестері
Қордайдағы жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Ұлын ажалдан арашалаймын деп комаға түскен ана 27 жылдан соң оянды - фото
Шамалғандағы трагедия: дәрігерлер автобуста қалып қойған екі баланың жағдайын айтты
Кілт сөздер:
жол апаты, футболшы
Загрузка...

Басты тақырып