01:01 22 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD386.44
  • EUR428.37
  • RUB6.06
Жедел жәрдем диспетчерлері, архивтегі сурет

"Көгеріп кетті": диспетчер зейнеткерді телефон арқылы өлімнен құтқарды

© Sputnik / Алексей Сухоруков
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
193 0 0

Оқиға орнына павлодарлық дәрігерлер 6 минутта жеткен. Осы уақытқа дейін жедел жәрдем қызметінің диспетчері зардап шеккен тұрғынның жақындарына телефон арқылы кеңес берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. 68 жастағы ер адам таңғы ас кезінде тамаққа қақалып, демала алмай қалды, деп хабарлады Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы Sputnik Қазақстан-ға.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 68 жастағы павлодарлық таңғы ас кезінде тамаққа қақалған. Ол демала алмай, беті көгеріп кеткен кезде туыстары шұғыл түрде жедел жәрдем қызметіне телефон соққан.

Оқиға орнына дәрігерлер бригадасы жіберіліпті. Осы уақытта 103 диспетчер қызметінің маманы телефон арқылы зардап шеккен адамға қалай көмектесу керек екенін айтқан. Туыстары қатты қобалжыса да, алғашқы медициналық көмек көрсетіп үлгеріпті. Диспетчердің көмегімен туыстары ер адамның өмірін сақтап қалды. Кейін ол демала бастады.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында ер адам тамаққа қақалып өлді

Мамандар оқиға орнына 6 минутта жетті. Дәрігерлер павлодарлықтың денсаулығын тексерді. Ол ауруханаға барудан бас тартыпты.

Жақындары диспетчер мен дәрігерлерге шексіз алғысын білдірді.

Айта кетейік, жедел жәрдем қызметі диспетчері қолданған әдіс - "қоңырауды ұстап тұру" деп аталады. Демек, диспетчер оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жеткенше, науқастың жақындарына алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек екенін айтады. Мұндай әдіс осы уақытқа дейін бірнеше адамның өмірін құтқарған. Павлодарлық медицина қызметкерлерінің бұл тәжірибесін басқа өңірлерде де қолдану жоспарланып отыр.

 

Тақырып бойынша

Қалташадағы шай өте қауіпті болып шықты – ғалымдар дабыл қақты
"Миға ірің шабады": дәрігер ешкім елемейтін сырқаттың аса қауіпті екенін айтты
"Көгеріп бара жатты": шымкенттік жігіт Киев әуежайында кішкентай қызды өлімнен құтқарды
"Әкесі итеріп жіберіп, кетіп қалды" Мүмкіндігі шектеулі 3 баланың анасы мұңын шақты
Кілт сөздер:
тамақ, зейнеткер, Павлодар
Загрузка...

Басты тақырып