06:29 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Архивтегі фото

Қазақстандық футболшы отбасымен апатқа ұшырады: куәгерлер табылды – видео   

© Sputnik / Тимур Батыршин
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1458 0 0

Отбасымен бірге жантүршігерлік жол апатына ұшыраған қазақстандық қақпашы жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Отбасымен апатқа ұшыраған қазақстандық футболшы Илья Байтеряковтың туыстары оқиғаның куәгерлерін тапты, олар трагедияның қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға спортшының ағасы Михаил Байтеряков хабарлады.

Қайғылы оқиғаға куә болған Александр мен Евгений 12 қазанда Өскеменнен Семейге бара жатқан. Олардың айтуынша, апатқа тасжолға шығып кеткен бір үйір жылқы себеп болған. Александр мен Евгений жылқыларды айналып өткен, бірақ олардың артынан келе жатқан жүргізуші рөлге ие бола алмай, жыраға ұшып түскен. Бұл футболшы Илья Байтеряковтың көлігі болып шықты, онда оның әкесі, анасы, әйелі және екі баласы отырған.

Александр мен Евгений тоқтап, жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Олардың айтуынша, "жедел жәрдем" тек бір жарым сағаттан кейін жеткен. Сондай-ақ, полиция келген кезде жылқылар кетіп қалған, сондықтан тәртіп сақшылары апаттың себебін дұрыс анықтай алмаған.

"Илья 18 қазан күні жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, бірақ оның жағдайы ауыр. Қазіргі таңда біздің міндет – Ильяның бұл жол апатына кінәсіз екенін дәлелдеу", - деп мәлімдеді Михаил Байтеряков Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері Илья Байтеряковты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағы бойынша (абайсызда адамға өлім келтіру) айыптап отыр. Полицейлер Sputnik Қазақстанға ресми түсінік беруден бас тартты.

35 жастағы Илья Байтеряков 12 қазанда отбасымен бірге Өскемен-Семей тасжолында апатқа ұшырады. Кіші ұлы мен әкесі қайтыс болды, әйелі мен үлкен ұлы жарақат алды, ал Ильяның өзі ауруханаға ауыр халде жеткізілді.  

Илья Байтеряков өмір бойы қазақстандық клубтарда ойнады, соңғы рет "Атырау" футбол командласының құрамында болды.

Тақырып бойынша

Ақтөбе маңында 18 оқушы мінген автобус аударылып кетті   
Қызылордадағы трагедия: 13 әскери қаза болған Ми-8 апатының нақты себебі анықталды
Қарағандыдағы әуе апатында 2 адам көз жұмды
Алматыдан шыққан автобус Өзбекстанда апатқа ұшырады
Ішінде 23 жолаушы отырған автобус "Алматы-Өскемен" жолында аударылып қалды
Қазақстандық футболшы отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады
Кілт сөздер:
апат, футболшы
Загрузка...

Басты тақырып