Оқиға

Қазақстан азаматы мұнараға шығып, Путинмен сөйлестіруді талап етті

© PhotoМужчина с бутылкой алкоголя
Мужчина с бутылкой алкоголя - Sputnik Қазақстан
Жазылу
29 жастағы Қазақстан азаматы Ресейге мұнай компаниясына жұмысқа орналасуға барған, бірақ ол жұмысқа қабылданбаған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан — Sputnik. Жас жігіт Ресейдің Иркутск облысы Усть-Кут қаласының теміржол стансасында шу шығарған, деп хабарлайды жергілікті ust-kut24.ru порталы.  

Мәліметке сай, 29 жастағы Қазақстан азаматы Ресейге мұнай компаниясына жұмысқа орналасуға барған, бірақ ол жұмысқа қабылданбаған. Ер адам үйге қайтуға мәжбүр болып, жол жүрер алдында ішімдік ішіп алған. Сол себептен пойыз басшысы мас жолаушыны мінгізуден бас тартқан.  

Тағы оқыңыз: Талғарда 19 жастағы қыз 40 метр биіктіктен секірмек болды – видео

Бұны естіген азамат пойыз жүрер алдында 20 метрлік жарықтандыру мұнарасына шығып алып, "өз-өзіме қол жұмсаймын" деп қорқытқан. Бұған қоса, ол Ресей президенті Владимир Путинмен немесе ЛДПР партиясының лидері Владимир Жириновскиймен тікелей сөйлестіруді талап еткен. 

Басылымның хабарлауынша, ер адам құтқарушылар, полицейлер мен теміржол стансасының жұмысшыларына электр сымдарының изоляторларын лақтырған. Шамамен тоғыз сағат өткеннен кейін станса басшылығы бұзақының анасымен байланысқа шыққан.

Әңгіме барысында жігіттің әйелі жүкті екені анықталған. Бұдан кейін Қазақстан азаматы төменге түсіп, полицияға берілген. Ол ірі көлемде айыппұл салынғаннан кейін үйіне жіберілді. Мәліметке сәйкес, енді бұзақының Ресейге кіруіне тыйым салынуы мүмкін.

Жаңалықтар
0