Оқиға

Алматыдағы қонақүйлердің бірінде ер адам туған қызын өлтірді

© pixabay.comРуки мужчины на стекле, иллюстративное фото
Руки мужчины на стекле, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Туған қызын шешесінің көз алдында өлтірді деген күдікке ілінген ер адам сегізден он бес жылға дейін сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Алматыда бес жұлдызды қонақүйде ер адам өзінің бір жарым жасар қызын ұрып өлтірді.

Жантүршігерлік оқиға жұма, 25 қазанда оңтүстік астанадағы қымбат қонақүйлердің бірінде болды. Таңғы сағат жеті шамасында қыздың анасы бөлмесінен атып шығып, айқайлап көмек сұраған.

Балаға алғашқы көмекті қонақүйдің қызметкерлері көрсетеді, кейін оқиға орнына жеткен дәрігерлер қыздың тамыр соғысы мен қан қысымын қалпына келтіреді. Бірақ ақ халаттылар бір жарым жасар бүлдіршіннің өміріне араша бола алмады, ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Павлодарда екі баланың әкесі дәрігерді зорлап тастады

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, әкесі қызды басынан ұрып-соққан. Ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады, бірақ дәрігерлер ресми түсініктеме беруден бас тартты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама жасалады", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Туған қызын өлтірген ер адам сегіз жылдан он бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Жаңалықтар
0