13:25 16 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Иллюстративті фото

Шығыс Қазақстанда өз қызын зорлап, қашып кеткен тұрғынның мәйіті табылды  

CC0 / pixabay.com
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
3687 0 0

Күдікті мас күйінде кәмелеттік жасқа толмаған қызын зорлап тастаған. Қылмыстық істі полицейлер тергеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының тұрғыны өз қызын зорлағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Әкесін пышақтап өлтірген апалы-сіңлілі қыздар қамаудан босатылды 

Тәртіп сақшыларына әйел арызданған. Ол күйеуі мас күйінде кәмелеттік жасқа толмаған қызын зорлап тастағанын айтқан.

Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-тармағы (Зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция 29 жастағы жергілікті тұрғынды іздеуге кіріскен.

"Іздеу шаралары барысында күдіктінің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол салған. Тергеу амалдары жалғасуда. Тиісті сараптама тағайындалды", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жәбірленушінің жеке мәліметтері әлеуметтік желіде тарап кетуіне қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.

"Бұл жағдайға қатысты қызметтік тексеріс басталды. Кінәлі тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

Тақырып бойынша

Павлодарлық ер адам 15 жастағы қызын қала шетіне апарып зорлап тастады
Айтуға қорыққан: Қызына айуандық жасаған Қарағанды тұрғыны жазасын алды  
Бір кабинетте отыратын әріптесін зорлады деген күдікке ілінген дәрігер ақталып шықты
Шөкеев жұрттың жағасын ұстатқан қылмысқа қатысты пікір білдірді
Кілт сөздер:
зорлау, Шығыс Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып