16:15 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Әйел бейнесі, архивтегі сурет

Зиратқа апарып, азаптады: ШҚО-да кәсіпкер әйел басынан өткен сұмдықты айтты

© AP Photo / Marcelo Ruiz
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
786830

Кәсіпкер әйел сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерінен көмек сұраған. Алайда олар көмектесудің орнына қоқан-лоқы көрсетіпті

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан — Sputnik. Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының тұрғыны жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының әрекетіне шағым түсірді.

Әйел мәжілісмен Василий Олейниктен көмек сұраған, деп хабарлайды телеканал "Астана" телеарнасы.

Замира Тотанова облыс әкімі орынбасарының шақыруымен үш жыл бұрын Риддерге көшкен. Оған ғимаратты сенімді басқаруға беруі тиіс болатын. Жөндеу жұмысы аяқталған соң, кәсіпкер әйел балабақша ашты.

Тотанованың айтуынша, біраз уақыттан кейін әкімдік ғимаратты жалға алғаны үшін ақша талап ете бастаған. Әйел бопсалау фактісі туралы жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлады. Алайда олар көмектесудің орнына қоқан-лоқы көрсетіпті.

"У. есімді жетекшісі бастаған жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері 2 қараша күні мені аяқкиім мен сырт киімсіз зират жаққа апарды. Жәбір көрсетіп, облыс әкімінің орынбасарына арыз жазуға болмайтынын айтты", - дейді кәсіпкер әйел.

Ол мұны дәлелдейтін аудиожазба бар екенін айтып отыр.

Риддер тұрғыны Ұлттық қауіпсіздік қызметіне де хабарлаған. Бірақ олар бұл мәселемен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің жеке қауіпсіздік департаменті айналысатынын айтқан.

Мәжіліс депутаты әйелге көмектесуге уәде берді.

Тағы оқыңыз: Алматы облысындағы түрмеде сотталғандарды азаптады: Тоқаев тапсырма берді

Бұған дейін ІІМ баспасөз қызметі Шығыс Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрт қызметкері адам азаптады деген күдікке ілінгенін айтқан болатын. Оларға екі тұрғын шағым түсірген.

"Азаптау" бабы бойынша кінәлі деп танылған адам үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Тақырып бойынша

Жетісайлық әйел өгей қыздарын қалай азаптағанын дәптерге жазып отырған
Қыздарды азаптаған өгей шешенің абысыны бар шындықты жайып салды
Петропавл тұрғынының әйеліне көрсеткен азабы дүйім жұрттың жағасын ұстатты
Полицейлерге айғақтарды бұрмалап, жазықсыз жанды азаптады деген айып тағылды
Қыздарды азаптаған жетісайлық өгей шешенің туған баласы бөбектер үйіне жіберілді
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әйел, кәсіпкер, ШҚО, зират
Загрузка...

Басты тақырып