19:48 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Жаппай төбелес, архивтегі сурет

Алматыдағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Анна Соловьева
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
5835 0 0

Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Төбелескендердің ешқайсысы полицияға арыз жазбаған

АЛМАТЫ, 3 қараша — Sputnik. Алматыдағы жаппай төбелестің видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды. Оқиға қарашаның 1-нен 2-сіне қараған түні Желтоқсан көшесіндегі караоке-барда болған.

Видеода адамдардың арасында екі жігіттің бір-бірін итеріп тұрғаны көрінеді. Әйелдердің айғайлаған даусы естіледі.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелескендердің ешқайсысы арыз жазбағанын айтты. "102" нөміріне де ресми өтініш түспеген.

Тағы оқыңыз: Ақтаудағы жаппай төбелес: қылмыстық іс қозғалды – видео

"Видео жарияланған соң Бостандық ауданы полициясының басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Төбелескендердің бәрі анықталатын болады. Кейін заңнамаға сәйкес шара қолданылады ", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл бап бойынша ірі көлемдегі айыппұл немесе екі жылға бас бостандығын шектеу шарасы қарастырылған.

Тақырып бойынша

Депутат парламент алдында төбелес шығарды – видео
Ақтаудағы жаппай төбелес: қылмыстық іс қозғалды – видео
Теңіздегі төбелес: полицейлер басты күдіктіні ұстады
Шетелдік жұмысшылар астанада төбелес шығарды
Нұр-Сұлтанда жанкүйерлер арасында төбелес болды – видео
Кілт сөздер:
видео, жаппай төбелес, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып