Оқиға

Ауласына көміп тастаған: Көршісіне 20 мың теңге қарыз берген зейнеткер ажал құшты

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам қасақана адам өлтіргені үшін ​​15 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтейді

ШЫМКЕНТ, 8 қараша – Sputnik. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жұмбақ жағдайда жоғалып кетті деп саналған зейнеткерді өлтіру ісіне нүкте қойды.

Сарыағаш ауданының Достық ауылында жалғыз тұратын қартаң әйелдің жоғалып кеткені туралы Шымкент пен Қазығұртқа қоныс аударған қыздары хабарлады.

Өтініш берушілердің айтуынша, маусымның басында анасы байланысқа шығуды тоқтатқан. Полицейлер із-түссіз жоғалған адамды іздеуге кірісті. Оларға жергілікті тұрғындар да қосылды.  

Атырау тұрғынын қыздары мен әйелі өлтіріп, үстіне бетон құйып тастаған

Дегенмен төрт айға жуық іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Қыркүйек айында қартаң әйелдің із-түзсіз жоғалуының құпиясы ашылды. Зейнеткермен көрші тұрған және іздеуге белсенді түрде қатысқан 33 жастағы Д.А. оны өлтіргенін мойындады.

Ер адам жыл басында көршісінен 20 мың теңге қарыз алғанын, бірақ оны қайтара алмағанын айтты. Қария есептесуді талап ете бастағанда, араларында жанжал шыққан. Ашуланған ер адам көршісін ұрып өлтіреді.

Түнде оның денесін өз ауласына әкеліп, көміп тастаған. Зейнеткерді іздеу барысында ер адам еш күдікке ілінбеген, бірақ оны ар-ожданы азаптап, қылмысын мойындауды ұйғарған.

"Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабында (қасақана кісі өлтіру) қарастырылған қылмысты жасады деп таныды", - деп атап өтті қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Дәурен Мадалиев.

Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.  

Жаңалықтар
0