Оқиға

Екі адам қаза болды: алматылық полицейлер күдіктіні ұстады

© Photo : управление здравоохранения города Нур-СултанРеспубликанские соревнования бригад скорой медицинской помощи
Республиканские соревнования бригад скорой медицинской помощи  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция екі адамды көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші Алматы облысында ұсталғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша — Sputnik. Алматы полициясы Райымбек даңғылында екі жаяу жүргіншінің өліміне кінәлі деген күдіктіні ұстады.  

© Sputnik / СтрингерПолиция оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші Алматы облысында ұсталғанын хабарлады
Екі адам қаза болды: алматылық полицейлер күдіктіні ұстады - Sputnik Қазақстан
Полиция оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші Алматы облысында ұсталғанын хабарлады

Полиция подполковнигі, жергілікті полиция қызметі басқармасы тобының басшысы Қайсар Төлебековтің айтуынша,  Toyota Raum көлігінің жүргізушісі Алматы облысынан табылған.

"Жүргізуші ұсталды. Көлік Алматы облысы Іле ауданындағы Өтеген батыр елді мекенінен табылды", - деді ол.

© Sputnik / СтрингерКөлік Алматы облысы Іле ауданындағы Өтеген батыр елді мекенінен табылған
Екі адам қаза болды: алматылық полицейлер күдіктіні ұстады - Sputnik Қазақстан
Көлік Алматы облысы Іле ауданындағы Өтеген батыр елді мекенінен табылған

Қазір криминалистер саусақ ізін алып, апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Алматыдағы жол апаты

10 қараша күні түнгі он екіден кейін Райымбек даңғылындағы Саудакент базарына қарама-қарсы жолда Toyota Raum көлігінің жүргізушісі 43 және 44 жастағы екі ер адамды көлікпен қағып кетті. Жарақат салдарынан екі ер адам да оқиға орнында көз жұмды.

© Sputnik / СтрингерЖарақат салдарынан екі ер адам да жедел жәрдем жеткенше көз жұмды
Екі адам қаза болды: алматылық полицейлер күдіктіні ұстады - Sputnik Қазақстан
Жарақат салдарынан екі ер адам да жедел жәрдем жеткенше көз жұмды

Жүргізуші апат болған жерден қашып кеткен. 

Жаңалықтар
0