18:24 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Өзен, архивтегі сурет

Ойнап жүрген: Қостанай облысында екі кішкентай бала көз жұмды

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2651 0 0

Екі бала көз жұмды, үшіншісі ауруханаға жеткізілген. Оларды құтқармақ болған 65 жастағы ер адам да ауруханада жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша — Sputnik. Қостанай облысындағы Жітіқара ауылында бес және алты жасар екі бала мұздың астына түсіп кетіп, көз жұмды.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға 10 қараша күні сағат 16:25-те болған.

Жасанды су қоймасында ойнап жүрген үш бала тереңдігі екі метр суға түсіп кетті.

"Полиция қызметкерлері балаларды жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Ауруханада дәрігерлер 2013 және 2014 жылы туған екі баланың көз жұмғанын айтты ", - деп хабарлады ведомство.

Сегіз жасар бала дәрігерлер бақылауында.

Сондай-ақ, балаларды құтқармақ болған куәгер - 65 жастағы ер адам да ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы орта дәрежеде екенін айтты.  

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді. Желтоқсан айына дейін мұзда ойнаудың қауіпті екенін атап өтті.

Тақырып бойынша

Дәрігерді шақырдым, ал ұлым қолымда өліп бара жатты – уланған қос сәбидің анасы
Атырау облысында сәбилердің неден шетінегені белгілі болды
Жаттығу кезіндегі оқушы өлімі: Алматыдағы оқиғаның мән-жайы анықталды
Алматыда өгей әке ұрып тастаған 2 жасар бала көз жұмды
Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың неден көз жұмғаны айтылды
Кілт сөздер:
төтенше жағдайлар комитеті, Қостанай облысы, мұз, балалар
Загрузка...

Басты тақырып