Оқиға

Ақтөбедегі төбелес: 15 жастағы оқушы көз жұмды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЛом ұстаған адам, архивтегі сурет
Лом ұстаған адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицей ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отырған күдіктіні ұстады, ол 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Ақтөбеде жасөспірімдер арасында төбелес шығып, 15 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Төбелес кәмелетке толмаған балалар арасында 10 қарашада Заречный-3 ауылындағы дүкен маңында болған.

Полицияның мәліметінше, төбелестен кейін бір оқушы көз жұмды, тағы екеуі пышақ жарақатын алды. Адам өлтірді деп айыпталған 17 жастағы күдікті ұсталды.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) 2-тармағы 1,7,9,14 тармақшалары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүріп жатыр.

Жасөспірім қандай жаза алуы мүмкін

Бапқа сәйкес, күдікті мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге немесе өмiр бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда мектеп "линейкасын" ашқан қыз көз жұмды

Кодекстің 15-бабына сәйкес, қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толғандар адам өлтiргенi (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (106-бап), терроризм актiсi туралы жалған ақпарат бергені (273-бап) және тағы басқа ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Жаңалықтар
0