16:28 06 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04
 WhatsApp

Желіні шулатқан видео: Атырауда болған сұмдық жағдайға қатысты тергеу басталды

CC0
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
981711

Оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына жергілікті мемлекетттік органдар мен полиция қызметкерлері енді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша — Sputnik. Әлеуметтік желілерде жылқыны бауыздап емес, темір таяқпен басынан ұрып өлтірген видео тарап кетті. Видеода бұл жағдайдың Береке елді мекеніндегі цехта болғаны жазылған. Желі қолданушылары қасапшылардың қатыгездігін түсіне алар емес, деп хабарлайды ATPress.kz.

Қала әкімінің орынбасары Жұмабек Каражанов оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылғанын айтты. Оның құрамына жергілікті мемлекетттік органдар мен полиция қызметкерлері енген. Комиссия мүшелері цехке барып, тексеріске кірісті.

Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігіне ("жануарларға қатыгездік көрсету") сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталған. Полиция мен әкімдік ақпарат тергеу аяқталған соң айтылатынын хабарлады.

Тағы оқыңыз: Бие айғырды бір теуіп өлтіріп қойды – видео

Жылқыларды қатыгездікпен өлтірген ер адамның кім екені анықталды.

Тақырып бойынша

Аягөзде WhatsApp-пен видео жіберген тұрғынның басы бәлеге қалды
Жылқы құлынды биені өрттен құтқару үшін көк түтінге кіріп кетті – видео
Жылқы өзіне маза бермеген питбульді нокаутқа жіберді - видео
"300 жылқы ұстадық": Шекарашылар қырғыз кәсіпкерлерінің қулығын әшкереледі 
Кілт сөздер:
тергеу, видео, желі, Атырау
Загрузка...

Басты тақырып