12:33 11 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.19
  • EUR427.71
  • RUB6.07
Аурухана

Қызылордадағы жол апаты: тағы бір бала ауруханада көз жұмды

© Sputnik / Алексей Куденко
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
118 0 0

Зардап шеккен ұл ауруханаға түскенде комада болған, деп хабарлады дәрігерлер. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы болатын

ҚЫЗЫЛОРДА, 22 қараша — Sputnik. Жан түршігерлік жол апаты салдарынан қаза тапқандар саны артты. Он жастағы бала комадан шықпай көз жұмды.

Ұлдың жарақаттары аса ауыр болған, деп ақпарат берді Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы.

"Бала көп жарақат алған. Ол бас-ми ауыр жарақатын алған, оң жақ жамбасы мен сол жақ аяғы сынған. Ұл ауруханаға түскенде комада болған және өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы болатын", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қалалық ауруханаға қаза тапқан баланың анасы да түсіпті. Ол да жол апаты кезінде автобус аялдамасында тұрған. Әйел түрлі жарақат алды.

Дәрігерлердің айтуынша, келіншектің халі тұрақты, бірақ әзірге ауыр. Оның аяқтары бірнеше жерден сынған. Медицина қызметкерлері әйелге келесі аптада ота жасамақ.

Тағы оқыңыз: Қызылордадағы жол апаты: аялдамада тұрған бір үйдің екі баласы қаза болды

Еске салсақ, 21 қарашада Қызылордада жеңіл көлік жүргізушісі Назарбаев даңғылындағы автобус аялдамасында тұрған адамдарды қағып кетті. Оқиға орнында үш адам – ер адам мен екі бала (ағасы мен қарындасы) тіл тартпай кетті. Тағы екі тұрғын – анасы мен ұлы ауруханаға жатқызылды.

Аялдамаға соғылған көлік жүргізушісі – Н.Б. есімді 20 жастағы жігіт еш жарақат алмаған. Ол уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Қазір полиция жол апаты фактісі бойынша, қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-тармағы – көлік басқарған адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Аталған бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тақырып бойынша

Павлодар облысында отбасы мінген көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады
Айыппұлдан түрмеге дейін: қазақстандық жүргізушілер нені білуі тиіс?
Оқиға орнында көз жұмды: актрисаның көліктен неге секіріп кеткені белгілі болды
Оралдағы трагедия: қаза болған қыздың денесін бөтен адамдарға берді
Қызылордада Toyota Camry аялдамада тұрған адамдарды соқты: үшеуі көз жұмды
Кілт сөздер:
қаза тапты, жол апаты, Қызылорда
Загрузка...

Басты тақырып