09:21 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Адамның қолы, архивтегі сурет

Польшада қазақстандық 19 жастағы студент қызды трамвай қағып өлтірді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
599 0 0

Он тоғыз жастағы қыз бір семестр шетелдік университетте оқуы тиіс болған. Қазақстандық дипломаттар марқұмның отбасына көмек көрсетуде

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Букетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің студентін өткен сәрсенбіде Польшаның Катовице қаласында трамвай қағып кетті, деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.

Қыз Польшаның Катовице қаласындағы Экономика университетінде оқыған, деп нақтылады СІМ жергілікті полицияға сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта марқұмның жақын туыстарымен байланыс орнатылды, оларға виза алуға барынша көмек көрсетілуде, мәйітті жіберу үшін жерлеу бюросымен келіссөздер жүргізілуде", - делінген СІМ хабарламасында.

Қайғылы оқиға 27 қараша күні кешке, қазақстандық қыз университеттен шыққан кезде болған.

Қыз Польшада осы жылдың қыркүйек айынан бастап академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша жүрген, ол отанына келесі жылдың ақпан айында қайтады деп жоспарланған, деп хабарлады өңірлік ekaraganda басылымы.

Диплом алғандарын атап өткен төрт түлек жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды

Қазақстандық оқу орнында ол экономика факультетінің екінші курсында оқыды, қыз Бөкетов атындағы ҚарМУ-де үздіктердің бірі болған.  

Оқиғаға байланысты университет жұмаға жоспарланған барлық мерекелік шараны тоқтатты.  

Тақырып бойынша

Колледждегі терактіні студент ұйымдастырған – Қырым басшысы
Ресейде құлап өлген қыздың анасы: Нақұрыс тергеушілер жұмыс істеді
Қарағанды тұрғыны Қытайда жатақханада көз жұмды
Мәскеуде қаза болған Томирис Байсафаның ісі: омбудсмен мәлімдеме жасады
Мәскеуде өзіне қол салған қазақстандық студенттің денесі елге жіберілді
Кілт сөздер:
студент, трамвай
Загрузка...

Басты тақырып