Оқиға

Таразда супермаркет өртеніп кетті

© Photo : Комитет по чрезвычайным ситуациям МВД КазахстанаПожар в двухэтажном здании супермаркета "Эврика" в Таразе
Пожар в двухэтажном здании супермаркета Эврика в Таразе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт 1 000 шаршы метрден астам аумақты шарпыды. Қазір мамандар оқиғаның себебін анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан — Sputnik. Жамбыл облысы Тараз қаласындағы супермаркеттердің бірі өртенді. Тілсіз жаумен күресуге 84 өрт сөндіруші мен 19 арнайы техника жұмылдырылды.

Бүгін Тараз қаласының "101" пультіне Сәтпаев көшесіндегі "Эврика" супермаркетінің екі қабатты ғимараты өртенгені туралы ақпарат түсті. Бұл туралы мәліметті Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі таратты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

© Photo : Комитет по чрезвычайным ситуациям МВД КазахстанаТараздағы өрт
Таразда супермаркет өртеніп кетті - Sputnik Қазақстан
Тараздағы өрт

Өрт сөндірушілер келгенде екінші қабаттың төбесі жанып жатыпты. Тілсіз жау сағат 03:31-де ауыздықталды. Ғимараттың 1 187 шаршы метр аумағы өртеніп кетті.

Полиция супермаркет территориясын қоршауға алды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

© Photo : Комитет по чрезвычайным ситуациям МВД КазахстанаСупермаркет өртенді
Таразда супермаркет өртеніп кетті - Sputnik Қазақстан
Супермаркет өртенді
Жаңалықтар
0