00:35 23 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
117 0 0

Жер сілкінісі бүгін Алматы облысында, Алтынемел ұлттық саябағы аумағында болыпты

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан - Sputnik. ҚР білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі 15 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 8:54-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік – шығысқа қарай 206 километр қашықтықта орналасқан, деп хабарлайды Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Тағы оқыңыз: Алматыдан 374 шақырым жерде жер сілкінді

Бұған қоса, some.kz сайтындағы картаға сәйкес, жер сілкінісі Алтынемел ұлттық саябағы аумағында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 9.0. Магнитудасы MPV 3.9. Тереңдігі 10 километр.

Табиғи құбылыстың сезілуі туралы мәлімет жоқ.

Тақырып бойынша

Қытайда бірнеше қуатты жер сілкінісі болды – видео
"Жарылыс деп ойладық": Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео
Алматы маңында жер сілкінді
Қазақстанда жер сілкінді
Калифорнияда 20 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болды – қорқынышты видео
Кілт сөздер:
Алматы облысы, жер сілкінісі, ұлттық саябақ
Загрузка...

Басты тақырып