НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан — Sputnik. Алматыдағы Әуезов ауданындағы полиция бөлімінің қызметкерлері екі адамды ұстады.
View this post on Instagram
Kris_p_almaty–ның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқиғаның түнгі 1:30-2:30 шамасында болғаны жазылған. Төбелес Момышұлы көшесінің бойында болған. Оқиға маңынан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі төбелесті видеоға түсіріп алған.
Тағы оқыңыз: Ақтаудағы жаппай төбелес: қылмыстық іс қозғалды – видео
Қалалық полиция оқиғаның Әуезов ауданындағы дәмханалардың бірінде болғанын растады.
"1998 жылы туған екі күдікті ұсталды. Олар Әуезов ауданы полиция басқармасына жеткізілді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен жігітті дәрігерлер қарады. Бұдан соң ол үйіне жіберілді.
Ал күдіктілерге қатысты қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес ("Бұзақылық")сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл әрекеті үшін жігіттер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.