20:18 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Алматы маңындағы ұшақ апаты (68)
1463 0 0

Шолушы Денис Кривошеевтің айтуынша, бизнес-класс зонасынан кейін отырған адамдардың көбі аман қалған

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматыдағы апат кезінде жарылыстың болмағаны ғажап, ұшақтың бизнес-класс орналасқан тұсына қатты зақым келген, дейді шолушы Денис Кривошеев. Қазіргі таңда ол жолаушылардың туыстары жиналған штабта жүр.

"Бір жақсысы, жарылыс болмады. Себебі, бактар отынға толы болғанын өздеріңіз де түсініп отырсыздар. Меніңше, бұл ұшқыштың үлкен еңбегі. Мамандардың мәліметінше, ұшақ әуеге көтеріле бастағанда ол ұшу жолағына бірнеше рет тиіп кеткен. Соған қарамастан пилот ұшақты тежемей, әуеге көтерілген. Ол неге тоқтаған жоқ немесе алға жүрген жоқ? Бұл тергеушілер алдында тұрған ең басты сұрақ", - деп мәлімдеді Кривошеев.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің басым бөлігі - бизнес-класс зонасында болған жолаушылар.

"Ұшақтың ең көп зардап шеккен бөлігі алды болғандықтан бизнес-класс зонасынан кейін отырғандардың басым бөлігі аман қалған. Кадрлардан есік тұсынан бастап қатты зақым келгені көрініп тұр", - деп толықтырды ол.

Қазіргі таңда зардап шеккендер саны туралы ақпарат әртүрлі беріліп жатыр. Мәліметке сәйкес, бортта 93 жолаушы болған, олардың қатарында үш сәби, бес экипаж мүшесі бар. Соңғы дерекке сәйкес, ауруханаларға 66 адам жеткізіліп, 50 адам жатқызылды.

Тақырып:
Алматы маңындағы ұшақ апаты (68)

Тақырып бойынша

Танымал адвокат ұшақ апатынан қалай аман қалғанын айтып берді
Алматыдағы ұшақ апаты: ұшқыштардың аты-жөні белгілі болды
Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады
Алматы түбінде ұшақ апатынан қаза тапқандардың жаңа тізімі жарияланды
Алматы түбіндегі ұшақ апатынан журналист көз жұмды
Кілт сөздер:
жарылыс, ұшақ апаты, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып