08:50 13 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.90
  • EUR492.88
  • RUB5.73
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
183 0 0

Апатқа жол берген азамат биылғы ақпанда жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. "Екатеринбург - Алматы" тас жолының 1 208 шақырымында (Ақмола облысы) жол апаты болды. Апат салдарынан екі адам көз жұмды, тағы төртеуі түрлі жарақат алды.

Оқиға кеше кешке болды, деп хабарлайды "ҚазАвтожол" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Lada Granta маркалы екі автокөлік Целиноград ауданы Қараменді батыр ауылының маңында бір-бірімен соқтығысқан. Полицейлердің айтуынша, жол апатына кінәлі болуы мүмкін 24 жастағы жүргізуші биылғы ақпанда үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған екен.

Жүргізуші астанаға бара жатып, қасындағы көлікті басып озбақ болып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Осылайша, қарсы бағыттағы автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Тағы оқыңыз: Түркістанның екі тұрғыны ұрланған көлікпен жол апатына түсті

Қатты соққыдан екінші автомобильдің 33 жастағы жүргізушісі тіл тартпай кеткен. Тағы бес адамды, оның ішінде баланы жедел жәрдем дәрігерлері алып кетті.

Кейін 2019 жылы туған сәбидің ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды. Апат болған жерде жол эксплуатациялық қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.

"ҚазАвтожол" ұлттық компаниясы қыс мезгілінде қысқы дөңгелек қолдану қажеттігін жүргізушілердің есіне салады.

Тақырып бойынша

Ресейде автобус КамАЗ-бен соқтығысты: екі қазақстандық зардап шеккен
Самара – Шымкент тас жолында 11 көлік соқтығысты – жантүршігерлік суреттер
Бір уақытта 69 автокөлік соқтығысты: оқиға орнынан видео жарияланды
Мамин ауа райының бұзылуына байланысты тапсырма берді
Канадада қазақстандық студент қаза тапты
Кілт сөздер:
сәби, жол апаты, Ақмола облысы
Загрузка...

Басты тақырып