07:28 04 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD397.56
  • EUR445.94
  • RUB5.82
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
5372 0 0

Әйел үйді ақтау, сырлау секілді жөндеу жұмыстарымен айналысады. Жаңа жыл қарсаңында оған жұмысынан хабарласып, жалақысын алып кетуге шақырған

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Алматыда ер адам үш баланың анасын аяусыз ұрып-соғып, зорламақ болды. Бұл туралы фейсбукте "Немолчиkz" қоғамдық қорының өкілдері жазды.

Оқиға 29 желтоқсан күні кешке болған. Үш баланың анасы үйді ақтау, сырлау секілді жөндеу жұмыстарымен айналысады екен. Жаңа жыл қарсаңында оған жұмысынан қоңырау шалып, жалақысын алып кетуге шақырған.

Жұмысшылардың бірі мас болған. Ол әйелге тиісіп, қол жүгірте бастаған. Ер адамның бауыры да қасында болыпты. Әйелге араша түсудің орнына бөлмеден шығып, есікті жауып қойған.

"Әйел айғайлап, көмекке шақыра бастайды. Осы үшін соққыға жығылды. Десе де туған-туыстарына хабарласып үлгерген. Олар полиция шақырды. Полиция оқиға орнына 16 минут ішінде келді. Алайда жәбірленушінің денесінің сау-тамтығы қалмаған. Күдікті үстіндегі киімін де шешіп үлгерген", - деп жазды "Немолчиkz".

Тағы оқыңыз: Бес сағат бойы азаптады: Алматыда мүгедек қызды зорлаған азғын ұсталды

Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" және 24-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тақырып бойынша

Қызға көмектеспек болған төрт жігіт ақырында оны зорлап, өртеп жіберді
Шығыс Қазақстанда өз қызын зорлап, қашып кеткен тұрғынның мәйіті табылды  
100 мың теңге ұсынды: Павлодарда екі баланың әкесі дәрігерді зорлап тастады
Павлодарлық ер адам 15 жастағы қызын қала шетіне апарып зорлап тастады
Өлтіремін деп қорқытқан: Қаскелеңде бақсыдан келе жатқан әйелді зорлап, тонап кетті
Түркістан облысында ер адам 3 жасар қызын зорлап, аса қатыгездікпен өлтірді
Қаратауда қызды зорлап, өртеген қаскөйдің тағы бір айуандығы әшкереленді
Алматыда 12 жасар қызды анасының көңілдесі зорлап тастады
Түркістанда 3 жасар қызын зорлап, артынан өлтірген тұрғынға сот үкімі шықты
Кілт сөздер:
Алматы, зорлау, жұмысшылар
Загрузка...

Басты тақырып