Оқиға

Алматыда троллейбус жас жігітті басып кетті: жүргізуші ес-түссіз болған

© Sputnik / СтрингерМассовое ДТП со смертельным исходом по улице Сатпаева
Массовое ДТП со смертельным исходом по улице Сатпаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жантүршігерлік жол апаты Алматы қаласында Сәтпаев көшесінің бойында болған екен

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы апат кезінде троллейбус жаяу жүргіншіні басып кетті. Ол көз жұмды, ал жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты Сәтпаев көшесінің бойында болған. Оқиға орнына жеткен полицейлер троллейбус жүргізушісінің Розыбақиев көшесіне жетпей, денсаулығына байланысты рөлге ие бола алмай қалғанын анықтады. Қоғамдық көлік жолдан шығып кетіп, алдымен екі көлікті, одан кейін жаяу жүргіншіні соққан. Сөйтіп, ағашқа барып тірелген.

© Sputnik / СтрингерСәтпаев көшесіндегі апат
Алматыда троллейбус жас жігітті басып кетті: жүргізуші ес-түссіз болған  - Sputnik Қазақстан
Сәтпаев көшесіндегі апат

"Жаяу жүргінші троллейбус астында қалып қойған. Оны алып шығу үшін құтқарушыларды шақыруға тура келді. Олар қоғамдық көлікті домкратпен көтеріп, ер адамды алып шыққан. Жас жігіт жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында қаза болды", - дейді полицейлер.

Апат кезінде троллейбус жүргізушісі де қатты жарақат алды. Ол шұғыл ауруханаға жеткізілді. Полиция бірқатар сараптама тағайындады. Соның нәтижесінде жол апатының себебі анықталады.

© Sputnik / СтрингерЖол апаты
Алматыда троллейбус жас жігітті басып кетті: жүргізуші ес-түссіз болған  - Sputnik Қазақстан
Жол апаты

"Алматыэлектротранс" компаниясы да түн ортасында болған апаттың мән-жайын түсіндірді.

"Кеше, 5 қаңтарда, шамамен сағат 23:20-да троллейбус жүргізушісі Сәтпаев көшесімен саябаққа қарай жүріп бара жатқан. Розыбақиев көшесіне жетпей жатып, оның қан қысымы көтерілген. Содан есінен танып қалған. Троллейбус бірден оңға қарай бұрылып, тұрақта тұрған Lexus GS300 пен Honda Accord көліктерін соққан. Одан кейін тротуарға шығып, жаяу жүргіншіні басып кеткен", - делінген компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында.

© Sputnik / СтрингерАпат салдарынан адам қаза тапты
Алматыда троллейбус жас жігітті басып кетті: жүргізуші ес-түссіз болған  - Sputnik Қазақстан
Апат салдарынан адам қаза тапты

Оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар мен жедел жәрдем қызметкерлері барған. Компания өкілдері де болыпты. Дәрігерлер жаяу жүргіншіге шұғыл медициналық көмек көрсеткен. Алайда ол алған жарақатынан қайтыс болды.

"Қаза тапқан ер адамның отбасына өтемақы төленеді. Компания атынан оның отбасына және жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз", - дейді компания өкілдері.

Тағы оқыңыз: Автобус жүргізушісі жолақысын алып жатып, троллейбусқа соғылған

Жас жігіт Honda Accord жүргізушісі болған. Ол өз көлігіне бара жатқан. Бірақ, бірнеше метр қалғанда троллейбус қағып кеткен.

Жаңалықтар
0