Оқиға

Алматыда ер адамның тұрғындарға пышақпен шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото мужчины с ножом в руке
Архивное фото мужчины с ножом в руке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға 8 қаңтар күні Достық шағын ауданындағы базарда болған. Куәгерлер болған жайтты видеоға түсіріп үлгеріпті

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Алматыда ер адам сатушы мен тұрғынға пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 8 қаңтар күні сағат 13:17-де Әуезов ауданының полиция басқармасына хабарлама түскен. Достық шағын ауданындағы базарда шамамен 25-30 жастағы ер адам сатушы мен тұрғынға пышақпен шабуыл жасалғаны туралы айтылған.

Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп үлгеріпті.

"Жедел-іздестіру барысында күдікті ретінде 2011 жылдан бері "Параноидты шизофрения" диагнозымен есепте тұрған ер адам ұсталды. 9/2 жедел жәрдем бригадасының көмегімен адамдарға пышақпен шабуыл жасаған күдікті Алматы қаласындағы психологиялық денсаулық орталығына жатқызылды", - делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Енесін пышақтап өлтірген ер адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-тармағы 3-тармақшасы бойынша (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Алайда ер адамның диагнозына байланысты түрмеге емес, емделуге жіберілуі мүмкін. 

Жаңалықтар
0