12:44 07 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2457 0 0

Әлеуметтік желіде бөлме ішінде баланы байлап қойған видео тараған болатын. Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының полициясы 3 жастағы балаға зорлық-зомбылық көрсеткен әйелді тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жантүршігерлік видеоны Айгүл Орынбек есімді желі қолданушысы Facebook-тегі жеке парақшасына жүктеген. Видеодан бүлдіршіннің қолы байланғанын, аузы орамалмен жабылғанын анық көруге болады. Сондай-ақ, үйде адамдардың бір-бірімен ұрсысып жатқаны да естіледі.

Түркістан облысының полиция департаменті оқиға 8 қаңтар күні Сарығаш ауданында болғанын жеткізді. Тәртіп сақшылары балаға зорлық-зомбылық көрсеткен әйелді тапты.

Тағы оқыңыз: Бала күтушілер интернетте лайк жинау үшін сәбиді шокермен азаптаған

"Бұл жайт 8 қаңтарда Сарығаш аудандық полиция бөліміне сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Арызда жергілікті тұрғын бұрынғы азаматтық некедегі әйелі 2017 жылы туған ұлына қысым көрсетті деп шағымданды. Қылмыстық кодекстің 140-бабы ("кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау")  бойынша іс қозғалды", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Егер әйелдің кінәсі дәлелденсе, ірі көлемдегі айыппұл төлейді немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. 

Баланың әкесі бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айырып, балаларды өзіне беруін де талап етуі мүмкін. Алайда мұндай шешімді тек сот қабылдайды.

Тақырып бойынша

Жауыздығымен елдің жағасын ұстатқан өгей әке: Кешірші, Әсел
Алматыда баланы өлтірген өгей әкенің сотына бет-аузын тұмшалаған біреу кіріп келді
Ит күдер үзе бастаған ата-анаға баланы құтқарудың жолын көрсетті – видео
Бала күтушілер интернетте лайк жинау үшін сәбиді шокермен азаптаған
Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды - видео
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, оқиға, полиция, бала
Загрузка...

Басты тақырып