14:37 03 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD447.60
  • EUR489.41
  • RUB5.71
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
4185 0 0

"Лада" мен  "Тойота Хайландер" автокөлігі бетпе-бет соғылып, төрт адам қаза тапты. Тойотадағы" төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Қалбатау – Көкпекті бағытындағы тасжолда "Лада" мен  "Тойота Хайландер" автокөлігі бетпе-бет соғылып, төрт адам қаза тапты.

Соққының қатты болғаны соншалық, "Ладаның" сау-тамтығы қалмаған. Оның ішіндегі жүргізуші мен үш жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлады КТК.

Ал "Тойотадағы" төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі кәмелетке толмаған балалар.

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті - видео

Айта кетейік, синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері солтүстік және шығыс облыстарда бұрқасындатып, қар жауады, оңтүстік өңірлерде жабысқақ қар жауады.

Күндіз ауа температурасы 0, -8°С, оңтүстікте +3…-5°С шамасында болғандықтан, Қазақстан аумағының басым бөлігінде көктайғақ және көру қашықтығы 500 метрден төмен тұман сақталады.

Тақырып бойынша

Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірген сәт видеоға түсіп қалды
Түркістанның екі тұрғыны ұрланған көлікпен жол апатына түсті
Қазақстан жолдарында не болып жатыр: жүргізушілерге арналған ақпарат
Жол апатына ұшыраған адамға алғашқы көмекті қалай көрсету керек?
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, жол апаты
Загрузка...

Басты тақырып