Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда полицейлер жасөспірімді үш күн бойы іздеді

© Photo : pixabay.comПарень в капюшоне, иллюстративное фото
Парень в капюшоне, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәмелетке толмаған бала сенбі күні кешке үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ол бұған дейін де осылай істеген болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Полицейлер өткен сенбі, 18 қаңтарда үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған 2006 жылы туған баланы бірнеше күн бойы іздеді.

Елордалық полиция департаменті хабарлағандай, тәртіп сақшылары көшелерді, аулалар мен компьютерлік клубтарды және басқа да қоғамдық орындарды аралап шыққан.

Әкесі 2 мың теңге берген: Астанада жоғалған жігіт бір аптадан кейін табылды

Сейсенбі, 21 қаңтарда учаскелік полиция инспекторы Абзал Әбілдаев кезекті рет аралап шығу кезінде жоғалған жасөспірімді елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінен тапты.

Қазіргі таңда кәмелетке толмаған бала анасына тапсырылды. Әйелдің айтуынша, ұлы бұған дейін де үйден қашып кеткен, сабақтан жиі қалады екен.

Осы уақыт ішінде баланың қайда болғаны белгісіз.  

Жаңалықтар
0