11:04 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
4354 0 0

Құлап бара жатқан жігітті курстастары ұстап қалмақ болған, бірақ олардың шамасы келмеген. Қазір студент ауруханада жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті оқу орнының алтыншы қабатының терезесінен құлап түсті. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Роликтен жастар жігітті ұстап, көтеріп ішке кіргізуге тырысып жатқаны көрінеді. Студент оған қарсылық білдірген секілді. Боғауыз сөздер айтылады.

Жоғары оқу орны оқыс оқиғаның болғанын растады.

"Екінші курс студенті эколог мамандығында оқиды. Ол күтпеген жерден терезені сындырып, құлаған. Курстастары оны кері тартып алу үшін бар күшін салған. Қолдарынан келмеді", - деп хабарлады университет.

Оқу орнындағылар оқиғаға не себеп болғанын білмейді.

Ақмола облысының полиция департаменті 13.15-те белгісіз біреуден болған жайт туралы телефон хабарламасы түскенін атап өтті.

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Көкшетау қаласының тұрғыны, 2001 жылы туған жас жігіт көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды. Медициналық мекеме директорының орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша, жігіт есін біледі.

Нұр-Сұлтанда мектеп "линейкасын" ашқан қыз көз жұмды

"Науқас жақ-бет хирургиясы бөліміне түсті. Бет сүйек-орбиталық кешеннің, яғни бет сүйегінің сынуы деген диагноз қойылды", - деп нақтылады Дмитрий Чайков.

Тақырып бойынша

Студент қызды зорлап, өлтірген қаскөйлер сотта оқиғаның қалай болғанын айтты
Мәскеуде қаза болған Томирис Байсафаның ісі: омбудсмен мәлімдеме жасады
Ерекше селфи жасамақ болған студент ажал құшты
Қытайда көз жұмған қазақстандық қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты
Cегіз жасар бала анасын ажал аузынан алып қалды
Кілт сөздер:
Көкшетау, студент, видео
Загрузка...

Басты тақырып