12:11 28 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD379.75
  • EUR415.18
  • RUB5.78
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Алматы маңындағы ұшақ апаты (66)
6702 0 0

Алматы түбіндегі ұшақ апатына қатысты тексерісті Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 26 қаңтар күні аяқтайды. Көлік прокуратурасының тексерісі 10 ақпанға дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар — Sputnik. Bek Air әуе компаниясы ұшақ борттарының денінде қозғалтқыш майы ағады. Бұл туралы "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ департаментінің басшысы Линда Орледи айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, әуе компаниясы борттарын тексеруге батыс инспекторлары жұмылдырылған. Олардан алынған ақпаратқа сәйкес, Bek Air ұшақтарының денінде техникалық проблема бар.

Течь масла с обоих двигателей и так же есть следы на фюзеляже
© Photo : предоставлено АО "Авиационная администрация Казахстана"
Инспекторлар Bek Air ұшақтарының денінде техникалық проблемаларды анықтады

Техникалық инженерлер борттағы кез келген олқылықты тексеріп, тіркеуі керек. Ұшқыштар да бірден техникалық инженерге хабар беруі тиіс.

"Bek Air-де мұндай тексеріс қорытындысын тіркеу үрдісі қалыптаспаған. Бұл олқылықтардың жиі болғаны соншалық, инспекторлар әр ұшақ бортында анықтады деуге болады. Әуе компаниясында оларды тіркейтін құжат мүлдем болмаған", - деді департамент басшысы баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, бірнеше қабатты шынымен қоршалған ұшқыштар кабинасындағы шыныда қатпарлар пайда болған. Бұған қатысты да ешбір құжат жоқ.

Отслоения стекла левого движущегося окна в кабине пилотов
© Photo : предоставлено АО "Авиационная администрация Казахстана"
Ұшқыштар кабинасындағы шыныда қатпарлар пайда болған. Бұған қатысты да ешбір құжат жоқ

Жүк қойылатын орын мен ұшақ дөңгелектерінің шинасын ауыстыру керек болған. Соңғысының қолдану мерзімі жайлы ақпарат беретін құжат та табылмады.

Айта кетейік, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тексерісті 26 қаңтар күні аяқтайды. Көлік прокуратурасының тексерісі 10 ақпанға дейін жалғасады.

Алматы түбіндегі ұшақ апаты

Ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш ауруханада жатыр.

Тағы оқыңыз: Алматы түбіндегі апат: ұшақтың "қара жәшігіндегі" жазбалар оқылды

Ішкі істер министрлігі әуе апатына себеп болған үш жағдайды атады. Олар: экипаж қателігі, техникалық ақау және навигациялық қызмет жұмысы.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болды.

Тақырып:
Алматы маңындағы ұшақ апаты (66)

Тақырып бойынша

"Керек емес. Не істеп жатырсың?": Bek Air ұшқыштарының әңгімесі жарияланды
Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған сәттің видеосы жарияланды    
Bek Air басшысы апат туралы: екінші ұшқыш бір қателік жасады - видео
Алматы түбіндегі Bek Air ұшағы апатының негізгі себебі жарияланды
"Түрмеге отыруға дайынмын": Bek Air басшысы мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
фото, тексеріс, ұшақ, Bek Air әуекомпаниясы
Загрузка...

Басты тақырып