13:04 26 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.72
  • EUR408.67
  • RUB5.76
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
4242 0 0

БАҚ-та тараған ақпаратқа сай, табиғи апаттан кемінде 14 адам қаза тауып, 270 адам зардап шеккен. Дегенмен соңғы мәлімет бойынша, қаза болғандар саны 20-ға, ал зардап шеккендер саны 800-ге жуықтаған

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар — Sputnik. Түркияның шығысында жұма күні кешке жер сілкінді. Оның магнитудасы 6,8-ді құрады, деп хабарлайды Life.ru басылымы.

Түркия төтенше жағдайлар және табиғи апаттар агенттігінің басшысы Мехмет Гюллюоғлы жер сілкінісінің Элязыг провинциясы Сивридже қаласы аумағында болғанын мәлімдеді.

Бастапқыда Элязыг және Малатья провинцияларының губернаторлары әр провинцияда құрбандар бар - барлығы 14 адам, тағы 270 адам түрлі жарақат алды деп хабар таратты.

Жер сілкінісі жақын маңда орналасқан Диярбакыре, Адыямане және Самсун провинцияларында да сезіліпті. Бұған қоса, жер асты дүмпулерін Израиль, Ирак пен Сирия тұрғындары да сезген екен.

Барлығы жүзден астам тұрғын үй қираған. Билік өкілдерінің хабарлауынша, көптеген жерде үйінділер астында адамдар болуы мүмкін, сондықтан құрбандар саны алдағы уақытта өсуі ғажап емес.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған соңғы мәліметке сай, қаза болғандар саны - 19, ал зардап шеккендер саны - 770 адам.

Тағы оқыңыз: "Жарылыс деп ойладық": Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео

Тақырып бойынша

Алматы облысында бір күнде үш рет жер сілкінді
Қазақстанда жер сілкінді
Алтынемел ұлттық саябағы аумағында жер сілкінді
"Аяғымның асты дірілдеді": Алматыда тағы да жер сілкінді
Талдықорған мен Текелі тұрғындары 3-4 балдық жер сілкінісін сезді
Кілт сөздер:
құрбандар, жер сілкінісі, Түркия
Загрузка...

Басты тақырып