Оқиға

Кедергі келтіруі мүмкін: Алматыда судья қамауға алынды

© AP Photo / Moises CastilloКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бостандық аудандық сотының төрағасына қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

"Сот ведомствоның судьяның сотқа дейінгі тергеуді объективті жүргізуге кедергі келтіруі мүмкін екені туралы дәлелін қолдады", - делінген агенттік хабарламасында.

Еске сала кетсек, судья борышкердің Қазақстан аумағынан шығуына рұқсат бергені үшін қазақстандықтан ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

Бұған дейін аудандық сот төрағасының ұсталған сәтінің видеосы тараған болатын.

Қылмыс Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік және жемқорлықты ескерту бөлімімен бірлескен жұмыс барысында әшкереленді.

Сондай-ақ, ведомстводан нақтылағандай, 22 қаңтарда іс материалдарын зерделегеннен кейін Қазақстанның бас прокуроры қылмыстық қудалаудан қорғалған судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға келісім берді.

Жаңалықтар
0