Оқиға

Қазақстанда қамауға алынған генерал-майордың кім екені белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстанның қорғаныс министрлігі
Қазақстанның қорғаныс министрлігі  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Генерал-майор 2020 жылдың 28 наурызына дейін үйқамақта отырады, оған қарамағындағы қызметкерлерден пара алды деген айып тағылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстан қорғаныс министрлігі кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, генерал-майор Қайрат Көпбаев үйқамақта отыр. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі растады.

"2020 жылдың 31 қаңтарында Қ.Р.Көпбаевқа қатысты 28 наурызға дейін үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деп мәлімдеді соттан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, департамент басшысына қол астындағы қызметкерлерден жалпы қамқорлығы және қызмет бабымен көтергені үшін айтарлықтай мөлшерде жүйелі түрде пара алған деген айып тағылды.

"Күдікті кінәсін мойындады және қорғаушының қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді", - деп мәлімдеді агенттіктен.

Жемқорлыққа қарсы қызмет генерал-майордың аты-жөнін атамаған еді.

Тағы оқыңыз: Ақтауда шенеуніктің көлігінен бума-бума ақша шықты – видео

Күдікті кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Жаңалықтар
0