17:47 25 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.43
  • EUR407.11
  • RUB5.76
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1396 0 0

Қырғызстан президенті қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаны талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қырғызстан президенті қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы тату көршілік, серіктестік пен одақтастық Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтаудың маңызды факторы саналатынын атап өтті.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болды. Салдарынан 8 адам қаза болды. Кейін ауруханада тағы екі адам көз жұмды. 41 адам ауруханада жатыр. Оның тоғызы жансақтау бөлімінде. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бес полицей жарақат алып, үшеуіне оқ тиді.

8 ақпанда Қордай ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді.  

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты

Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы кісі өліміне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімі Асқар Мырзахметовті қызметінен алып, оның орнына Бердібек Сапарбаевты тағайындады. Өңір басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекова мен Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле де жұмысына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатылды.

Сонымен қатар президент ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы Азамат Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.


 

Тақырып бойынша

Қордайдағы қақтығыс: 9 адам ауруханада ауыр халде жатыр
Ақсақалды кім ұрды - Қордай тұрғындары оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді
Қақтығыстан кейінгі Масанчи ауылы – оқиға орнынан суреттер
Қордайдағы қақтығыс: Сапарбаев Қырғызстанға қашқандарға үндеу жасады
Қордайдағы оқиға: Тоқаев премьер мен бас прокурорды Ақордаға шақырды
Депутат Қордайдағы қақтығыстан кейін Ассамблеяны жабу керек дегендерге сәлем жолдады
Қордайдың халқы тағы жиналды  
Загрузка...

Басты тақырып