16:25 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
139 0 0

Ер адамдар азаматтарды халық көп жиналатын жерге жиналып, жаппай тәртіпсіздіктер жасауға шақырған.  Ұсталғандардың бірі бұрын сотталған

АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Алматы полициясы тәртіпсіздіктерге және азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақырғаны үшін екі адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты.  

Оларды полиция департаменті жедел бөлімінің қызметкерлері анықтады.

"Бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған, 1990 жылы туған О. және 1987 жылы туған С. танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы адамдарды көп жиналатын жерге жиналып, заңсыз әрекеттер жасауға шақырған", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция олар заңға қайшы қандай әрекеттер жасамақшы болғанын нақтыламады.

Күдіктілерге Қазақстан Қылмыстық кодексінің 272-бабының 3-бөлігі "Жаппай тәртіпсіздіктер" бойынша айып тағылуда. Сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар жүргізілуде.

Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар үш жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға, сондай-ақ күмәнді дереккөздерден алынған жалған ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Жамбыл облысының Кордай ауданындағы жаппай төбелес кезінде Алматыдағы негізінен дүнгендер сауда жасайтын базар жабылды. Қазіргі уақытта базарлар күзетке алынып, жартылай жұмыс істеп жатыр.  

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 8 ақпанда Қордай ауданында жергілікті ауқымда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

7 ақпанда Қордай ауданының Қаракемер, Масанчи, Бұлар батыр ауылдарында 176 адам медициналық көмекке жүгінді, 41-і ауруханаға жатқызылды. Он адам көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Асқар Мырзахметовті қызметінен босатты

Зардап шеккендерге 39 дәрігер көмек көрсетіп жатыр, марқұмдардың отбасыларына көмек көрсету шаралары қолға алынды. Қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Тақырып бойынша

Қордайдағы қақтығыс: Қырғызстанға қашқан 8 мың адам қайтып оралды
Қордайдағы қақтығыс: министрлік ұсталғандар санын жария етуден бас тартты
Бүркіт Қордайдағы қақтығыстан кейін қамауға алынғандарды босатуды талап етті
Сапарбаев жаңа қызметіне қатысты ойын айтты
Көзіне дәл тиген - Алматы облысы полиция бастығының орынбасарына оқ атты
Қызметінен босатылған полицей жамбылдықтарға үндеу жасады
Кілт сөздер:
Алматы, арандатушылық
Загрузка...

Басты тақырып