18:45 25 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.43
  • EUR407.11
  • RUB5.76
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1238 0 0

Қарағанды тұрғыны үйдегілермен ұрысып қалғаннан кейін үйдің шатырына шығып кеткен. Оған жергілікті полиция қызметкерлері көмекке келді

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Қарағандының тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынға көпқабатты үй шатырынын түсуге көмектесті. Ер адам отбасымен ұрысып қалғаннан кейін шатырға шығып кеткен екен.

Киімі жоқ адамның көпқабатты үйдің қарға толы шатырында отырған видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды polisia.kz.

Ролик авторының айтуынша, Қарағанды тұрғыны үйдің шатырына өз балконынан шығып кеткен. Ол сол жерде полицейлер көмекке келгенше шамамен 20 минут отырған.

Кезекшілерге осы жағдай жайлы ақпарат түскеннен кейін Қарағанды полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орнына бірден шығыпты.

"Патрульдік полиция қызметкерлері сол жерге келгеннен соң шатырда отырған ер адамды көрген. Тәртіп сақшылары 31 жастағы тұрғынды шатырдан түсіргеннен кейін жедел жәрдем шақырған. Алдын ала болжам бойынша, ол мас болған", - делінген ақпаратта.

Медицина қызметкерлерінің мәліметіне сай, ер адамның қолдары мен аяқтарының саусақтары үсіп қалған.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда тыр жаңалаңаш ер адам жылы аялдаманы қиратпақ болды - видео
Қазақ киносы: 2019 жылы экранға шыққан фильмдер
Қазақстандықтардың Германиядағы әрекеті видеоға түсті: желіні шулатқан оқиғаның мән-жайы
Алматы облысында елді дүрліктірген гинеколог дәрігер ұсталды
"Өзге ұлтта дұшпаным жоқ, қазақтардың ісі": танымал актер атышулы видео жайлы айтты
Кілт сөздер:
ер адам, тыр жалаңаш, Қарағанды
Загрузка...

Басты тақырып