16:03 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Қордайдағы қақтығыс (60)
3214 0 0

Қордай ауданында үйінді астынан бір адамның денесі табылды, оның тәртіпсіздік салдарынан немесе басқа жағдайда қаза болғанын сараптама анықтайды

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Масанчи ауылында сауда орталығының қираған ғимаратын тазарту жұмыстары кезінде үйіндінің астында бір адамның мәйіті табылды. 

Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов хабарлады.

"2020 жылдың 11 ақпанында сағат 12:07-де Жамбыл облысы полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданының Масанчи ауылында сауда орталығының ғимаратын (өрттен кейін шатыр құлаған), тазарту кезінде қираған үйінділердің астынан бір адамның күйген денесі табылды", - деді әкімнің кеңесшісі.

Бұл адамның кім екенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама белгіленді. Жедел алдын-алу шаралары жүргізілуде.

Бұған дейін Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер салдарынан 10 адам қаза болды деп хабарланған еді. 

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 8 ақпанда ауданда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Зардап шеккен 176 адам медициналық көмекке жүгінген, 41-і ауруханаға жатқызылды. Он адам көз жұмды.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қордайдағы оқиғадан кейін 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекет басшысының шешімімен бірқатар шенеунік пен полицей қызметінен кетті. Облыс әкімі ауысты. Қордайдағы жағдай президенттің тікелей бақылауында.

Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс (60)

Тақырып бойынша

Қордайда дүнгендермен кездескен мәжіліс депутаты эмоциясын ұстай алмады
Дүнгендер ұйымының өкілі Қордай тұрғындарының неден қорқып отырғанын айтты
Бақытбек Смағұл: Қазақ бағынған заң дүнгенге де, басқасына да ортақ
Дүнген баласы Тоқаевқа видео жіберді – президент не деп жауап берді?
Загрузка...

Басты тақырып