Оқиға

Батыр – Қызылтөбе жолында екі көлік соқтығысып, біреуі жарылды - видео

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль на зимней дороге
Автомобиль на зимней дороге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан екі әйел мен ер адам қаза болды, тағы үш адам облыстық ауруханада жатыр, біреуінің хәлі ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Батыр – Қызылтөбе тас жолында екі көлік соқтығысып, салдарынан алты адам зардап шекті, оның үшеуі қаза болды.

Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады өңірлік "Лада" басылымы.

Жол апаты 15 ақпан сағат 09:30 шамасында болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екі көлік соқтығысып, біреуі өртене бастайды, кейін ол жарылған.

Апат сладарынан алты адам зардап шекті. 41 және 34 жастағы екі әйел мен 39 жастағы ер адам көз жұмды.

"1995 жылы туған екі ер адам жабық бас сүйек-ми зақымын алды, миы шайқалған, сынған жерлері бар. Екеуі де Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тағы бір 1975 жылы туған ер адам іш жарақаты, сол жақ сан мен тоқпан жілік сынығымен жансақтау бөлімінде жатыр", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0