19:43 05 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Қордайдағы қақтығыс (66)
4389 0 0

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде полицейлерге күш қолданған үш адамның видеосы тарап кеткен еді

АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасау ісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның хабарлауынша, 7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданы Сортөбе ауылында жол полициясының қызметкерлері Л.Воингуй есімді азамат отырған Honda Odyssey автокөлігін тоқтатқан.

"Көліктің құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылады. Алайда, ол полиция қызметкерінің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған. Ол жақта ағалары А. Воингуй және М. Воингуймен бірлесіп, полицейлерге қарсы зорлық-зомбылық жасаған. Осы оқиғаның видеосы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тарап кетті", - делінген ақпаратта.

Бұл факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокуроры қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Үш айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

14 ақпанда қылмыстық іс Қордай аудандық сотына жолданды.

Қордайдағы қақтығыс

Естеріңізге сала кетсек, 7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік белең алып, салдарынан 10 адам қаза болды, 185 адам түрлі дене жарақатын алды. Масанчи ауылында 11 ақпанда үйінді астынан күйіп кеткен адамның мәйіті табылды. 

Сондай-ақ, 39 тұрғын үй мен 20 коммерциялық нысан және 47 автокөлік отқа оранып, күлге айналды. 

Қазір полиция 25 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс (66)
Загрузка...

Басты тақырып