20:15 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Алматы маңындағы ұшақ апаты (68)
8125 0 0

ИИДМ авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасының өкілдері Алматы түбінде ұшақтың құлаған сәтін визуализациялады

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы түбінде апатқа ұшыраған ұшақтың қалай құлағанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ИИДМ авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасының өкілдері Алматы түбінде ұшақтың құлаған сәтін визуализациялады.

Бір жарым минуттық роликте әуе кемесінің қандай биіктікке көтерілгені, жылдамдығы, қисайған сәті мен қозғалтқыш жұмысының параметрлері көрсетілген.

Брифинг по визуализации авиапроишествие самолета Bek Air
© Sputnik / Абзал Калиев.
Ұшақ апаты видео арқылы көрсетілді

Мемлекетаралық авиация комитетінің бас директоры Виктор Сороченконың айтуынша, Fokker 100 ұшағы 6 метрге дейін көтеріліп, содан кейін төмен ылдилаған.

Визуализация мемлекетаралық авиация комитеті техникалық зертханасының базасында жасалды. Соронченконың айтуынша, мұндай оқиғалар авиация практикасында бұған дейін де болған.

"Бұл апаттың 2007 жылы Францияда болған әуе апатымен ұқсастығы көп. Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандары апатқа жан-жақты талдау жүргізді. Франция органдары осы ұшақ апатына қатысты мәліметтер мен ұшу параметрлерін бізге тапсырды", - деді ол.

Алматы түбіндегі апат

Әуе апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші пилот ауруханадан шыққаннан кейін бір жұмадан соң көз жұмды.

Үкіметтік комиссия апат себебінің алдын ала болжамын жариялады. Негізгі себеп – ұшақ сыртына мұздың қатып қалуы. Әуе кемесі тұрақта екі тәулік тұрған.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды.

28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болды. Бек Эйр әуе компаниясының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Тақырып:
Алматы маңындағы ұшақ апаты (68)

Тақырып бойынша

Ішкі істер министрлігі екінші ұшқыштың өліміне қатысты түсініктеме берді
"Өлгендер өзін қорғай алмайды": Перуашев Bek Air-дің басшылығына шүйлікті
Bek Air әуе компаниясы рейстерді қай уақытқа дейін тоқтатқаны белгілі болды
Түркиядағы ұшақ апаты: қазақстандық жолаушылардың халі белгілі болды
Bek Air ұшқышы Тоқаевтан көмек сұрады – видео
Кілт сөздер:
видео, апат, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып