08:05 30 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1084 0 0

Бастысы, ұрланған қару-жарақтан ешкім зардап шеккен жоқ, деп мәлімдеді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қару ұрлап кеткен сарбазға қатысты тергеу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Келісімшартпен әскери қызмет еткен сарбаз, шынымен де өзімен бірге қару-жарақ алып кеткен. Соның ішінде автоматтар мен тапаншалар бар. Ол ұсталды. Қазіргі кезде сол қаруды тәркілеу бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ертең, барлық тергеу аяқталып, оның сыбайластары анықталғаннан кейін біз арнайы ақпарат береміз. Сол жерде қару-жарақты қалай ұрлағанын және қайда тыққанын айтамыз", - деді Тұрғымбаев журналистерге берген сұқбатында.

Тағы оқыңыз: Әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды

Министр тергеу құпиясын ескеріп, әзірше барлық деректі бере алмайтынын жеткізді.

"Бір нәрсе айтайын, ұрланған қарудан ешкім зардап шеккен жоқ. Ертең брифинг өткізіп, қару-жарақ бойынша мәлімет береміз", - деп атап көрсетті Ерлан Тұрғымбаев.

Сарбаз ісі

20 ақпан күні Шымкент маңындағы бөлімнен қаруланған әскери қызметші қашып кетті.

Ол отыз АК-74, жиырма жеті 9 мм ПМ (Макаров тапаншасы), АК патроны (420), Макаров тапаншасының патроны - 48, ПМ травматикалық тапаншасын (1, 24 патрон) қолды еткен.

Әскерден қарумен қашып кеткен кіші сержантты іздеуге Шымкент және Түркістан облысының полиция департаменттері мен ұлттық ұлан гарнизондары тартылды.

20 ақпан күні кешке ішкі істер министрлігі және ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің арнайы жедел тобы қару-жарақ ұрлап, әскери бөлімнен кеткен 1995 жылғы Балғынбай Абылай Бағдатұлын ұстады.

Қазір қару ұрлау фактісі негізінде қылмыстық кодекстің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлаған немесе бопсалап алғандар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Үйіне қайтуға 2 ай қалған: Тараздағы әскери бөлімде сарбаздың мәйіті табылды
Ақтауда қаза болған жігіт өлер алдында анасымен сөйлескен: оқиғаның мән-жайы
Таиландта қатардағы жауынгер тұрғындарға оқ жаудырды
Қорғаныс министрлігі депутат Смағұлдың дүнгендер жайлы сөзін жоққа шығарды  
Бақытбек Смағұл: Менің айтқанымның барлығы 100 пайыз дұрыс деген сөз емес
Кілт сөздер:
сарбаз, қару, Ерлан Тұрғымбаев
Загрузка...

Басты тақырып