02:45 09 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD435.54
  • EUR473.08
  • RUB5.76
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
947010

Әйелімен бірге тұратын 60 жастағы азамат не телефонға жауап бермей, не есігін ашпаған соң туыстары полицияға хабар берген

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында төсектен ерлі-зайыптының денесі табылды. Болжам бойынша, 10 жылдан бері табыт жасаумен айналысатын 60 жастағы азамат әйелімен бірге пештен шыққан ыстан улануы мүмкін, деп хабарлады КТК.

Не телефонға жауап бермей, не есігін ашпаған соң туыстары полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары есікті бұзып кіргенде, жатқан жерінде жан тапсырған ерлі-зайыптыны көреді. Олардың денесінде ешқандай зорлық ізі жоқ. Марқұмдардың балалары Ресейде тұрады екен.

Қарағандыда сырттан үйіне келген ер адам жантүршігерлік қылмыстың үстінен түскен

Туыстарының сөзінше, үй иелері бұған дейін пештен түтін шығып, үйдің іші ыс болатынын талай айтқан. Бірақ олардың нақты неден өлгені тек "сараптамадан кейін белгілі болады" дейді құтқарушылар.

"Олардың неден қайтыс болғаны әлі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалғанымен, бізге ешқандай ақпарат түскен жоқ. Мүмкін қылмыс болған шығар. Оның барлығы тексеріледі", - дейді Ақмола облыстық ТЖД басқарма бастығы Денис Шелкоплясов.  

Тақырып бойынша

Алматыда сасып кеткен мәйітпен бір апта қамалып жатқан кейуана құтқарылды
Оңтүстік Кореяда 28 жастағы қазақстандық әйел өлі табылды
Шығыс Қазақстанда қабір қазуға кеткен жігіттің мәйіті табылды
Терезеден құлай жаздаған ер адамды құтқарған полицейге алғыс жарияланды
Павлодар облысында үйден бір отбасындағы төрт адамның мәйіті табылды
Кілт сөздер:
полиция, табыт
Загрузка...

Басты тақырып