Оқиға

Қаруланған әскери қызметші бөлімнен қашты: жоспар қалай жүзеге асырылды?

© Photo : polisia.kzОружие, которое изъято у контрактника
Оружие, которое изъято у контрактника - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Үш лауазымды тұлға ұсталды. Олар әскери қызмет ережесін бұзып, жұмысына салғырт қараған

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан — Sputnik. Ішкі істер министрлігі Түркістан облысындағы әскери бөлімнен бір қызметкердің бірнеше қаруды қалай алып кеткені туралы ақпарат берді.

"Ақпанның 19-нан 20-сына қараған күні келісімшартпен қызмет ететін сержант Балғымбай өзінің 1995, 1996 жылы туған екі досымен бірге 29 автомат, 28 тапанша мен екі сүңгі пышақты қолды етті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің бірлескен жедел-тергеу тобы күдіктілерді ұстады, қару тәркіленді", - деді ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Әділов әскери бөлімдегі қару тек бір күнде ұрланбағанын растады.

"Қаңтар айының соңы мен ақпан айының басы аралығында әскери қызметші сақтау қоймасынан 1-2 қарудан ұрлаған. Ал бірнеше автоматты қолды ету үшін өзінің достарын шақырған", - деді министрлік өкілі.

Қарудың басым бөлігі бір түнде ұрланған. 

"Ол (Балғымбай) екі тапаншаны 120 мың теңгеге сатты. Олар тәркіленді. Қалған қару достарында сақталған", - деді Әділов.

Тағы оқыңыз: Шымкент маңындағы жол апаты: оқиға орнында түсірілген видео жарияланды

Екі қылмыстық іс қозғалды, 291-бап (қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру) және 453-бап (қызметке салғырт қарау) бойынша тергеу жүріп жатыр. Министрлік әскери бөлімдегі қаруды тағы бір мәрте түгендеуге кірісті.

"Бұдан бөлек, үш лауазымды тұлға, яғни дивизия командирі, жедел кезекші және келісімшарт бойынша істейтін қатардағы қызметкер ұсталды. Олар әскери қызмет ережесін бұзып, қызметке салғырт қараған", - деді тергеу департаментінің басшысы. 

Қазіргі уақытта ұрланған қару толықтай тәркіленді.

Жаңалықтар
0