13:38 07 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD439.01
  • EUR474.61
  • RUB5.75
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1627 0 0

2017-2018 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрағасының басшылығымен банк депозитіне 5,3 млрд теңге салынған

АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері "ҚазАгро" ұлттық компаниясының құрамына кіретін "Аграрлық несие корпорациясының" бұрынғы төрағасы Нармұхан Сарыбаевты қамауға алды. Ол қазір тергеу изоляторында отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент бастығы Сергей Перовтың айтуынша, сот Сарыбаевты екі ай қамауға алу туралы шешім шығарды.

"Басқа да адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сонымен қатар аграрлық-өнеркәсіптік кешенінде субъектілерді субсидиялау кезінде пара алу фактілері тексеріледі. Әр адамның кінәсі анықталады", - деді басқарма басшысы брифингте.

Корпорацияның бұрынғы басшысына тағылған айып

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі квазимемлекеттік компаниялардың миллиардтаған бюджет қаражатын банктерде ұзақ мерзімді депозит шоттарына негізсіз салуы тексереді.

Бұл қаражат белгілі бір мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген. Алайда квазимемлекеттік сектор оны сол мақсатта пайдаланудың орнына, депозит шоттарына салу арқылы ең төменгі пассивті табыс тауып отыр.

"Тергеу барысында квазимемлекеттік сектордағы кейбір шенеуніктер осы әдісті заңсыз жеке материалдық пайда табу үшін пайдаланатыны анықталды", - деді Сергей Перов.

Оның айтуынша, 2017-2018 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың басшылығымен банк депозитіне 5,3 млрд теңге салынған.

"Бұл үшін Сарыбаев жүйелі түрде және бірнеше траншпен мәміле агенті ретіндегі жеке тұлғадан 11 млн теңге көлемінде пара алған. Депозитке ақша тартылғаны үшін 53,5 млн теңге көлемінде банк сыйақысы берілген", - деп толықтырды спикер.

2019 жылы Сарыбаев құрылтайшысы Түркістан облысының әкімдігі болып саналатын "Оңтүстік" өңірлік инвестициялық орталығы" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол дәл осындай жолмен банктегі депозит шотына миллиард теңге көлемінде ақша салған. Бұл үшін 1,5 млн теңге пара алған.

Тақырып бойынша

Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Қазақстанның оңтүстігінде пара алған әкім ұсталды - видео
Президент пара сұрайтын шенеуніктерді атуға рұқсат берді
Қазақстанда қандай банктер арқылы пара берілетіні белгілі болды
Кілт сөздер:
басшы, теңге, депозит
Загрузка...

Басты тақырып